Previous Page  227 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 227 / 336 Next Page
Page Background

227

Әбу Зәрр әл – Ғифари

“Аллаһ Әбу Зәррға мейірімін жаудырсын! Ол жалғыз

жүріп, жалғыз өмір сүріп, жалғыз қайтыс болады”.

(Хадис)

Азаншақырып қойғаншын атыЖүндүб ибнЖунәдә

болғанмен Әбу Зәрр руының қызба әрі жаужүрек адамы

еді. Қараңғылық кезеңінде керуендердің жолын тору-

мен аты шыққан-ды. Жол тору Ғифар руының ата кәсібі

еді. Әбу Зәррдің атын естігенде ұйқыдағы адамдар шо-

шып оянатын болған.

Әбу Зәрр күндердің бір күнінде күрт өзгеріп, жол

тору кәсібін тастап, һанифтік дінін қабылдады. Ислам

әлі пайда болмаған кездің өзінде Аллаһтың жолына

түсті. Сонымен қатар Әбу Зәрр жәһилияның дәуірлеген

кезінде де пұтқа табынуды ерсі санап, жатса-тұрса

ақиқатты іздеумен болған арабтың атақты шайыры

еді.

Ол кезеңде Исламның таралуы жасырын түрде

жүріп жатқан. Соған қарамастан соңғы пайғамбардың

аты Меккеден басқа көп жерлерге жеткен-ді. Құлағдар

болғанның бірі – Ғифар руынан шыққан Әбу Зәрр.

Жаратылысынан әуесқойлығы басым Әбу Зәрр

соңғы пайғамбар шығыпты дегенді естіген соң, оны

көруге ынтықты. Бұл хабардың анық-қанығын білу

үшін бауыры Үнәйсті Меккеге жіберіп, ол жайлы

көбірек мәлімет әкелуді ұқыптап тапсырады.