231
Мәшһүр сахабалар
Иман келтіріп, мұсылмандықты қабылдаған Әбу
Зәррге әрдайым сақтықты ұстанатын Расулаллаһ (с.а.с.)
мынадай ұсыныс айтты:
– Ей, Әбу Зәрр! Сен әзірге бұл іс туралы жан бала-
сына тіс жарушы болма. Еліңе қайт, жақсылықты жария
етуге асықпа. Дінімізді ашық таратуға Жаратқаннан
жарлық алғанымды естіген күні келерсің.
Толқып, жүрегі қуаныштан лүпілдеген Әбу Зәрр:
– Уа, Расулаллаһ! Сені хақ пайғамбар ретінде
жіберген Аллаh Тағаланың атымен ант етемін. Мен бұл
жайтты мүшріктер арасында ашық түрде жарияламай
қоймаймын, – деді де үйден шығып, Қағбаға қарай бет
алды. Сол жерден бүкіл мүшріктерге естірте:
– Уа, құрайыштар!
– Мен Аллаhтан басқа тәңірінің жоқ екендігіне,
Мұхаммед (с.а.с.) оның елшісі екендігіне куәмін! – деп
дауыстады.
Әрине, мұны естіген мүшріктер қарап қалмады.
Тарпа бас салып, Әбу Зәррді қан-жоса қылып,
соққыға жықты. Егер сол сәтте (әлі мұсылмандықты
қабылдамаған) хазірет Аббас көріп, оның ғифар руынан
екенін, ғифарлардың Шамға барар сауда жолының иесі
екенін ескертпегенде, мүшріктер Әбу Зәррді өлтіруден
тайынбайтын.
Алайда иманнан қуат алған хазірет Әбу Зәррді
сойыл да, соққы да тоқтата алмады. Есін жия салып
ертеңіне тағы да Қағбада Аллаhтың барлығы мен
бірлігін, Пайғамбардың хақтығын айтып, жар салды.
Мүшріктер сау-тамтығын қалдырмай дүрелесе де, ол
айтқанынан қайтпады. Бұл жолы да хазірет Аббас ара-
ласып: