224
Cаңлақ cахабалар
сол жерде едім. Мүшріктер оны дар ағашына байлап: –
Өзіңнің құтқарылып, орныңа Мұхаммедтің асылғанын
қалар ма едің? – деп ұсыныс жасады. Хүбәйб басына
төнген қатерге қарамастан: “Аллаһтың атымен ант
етейін, мен өз бала- шағамның қасында отырғаным бы-
лай тұрсын, Мұхаммедтің аяғына тікеннің қадалғанына
да көнбеймін”, – дегеннен кейін, “Уа, Мұхаммед!” деген
даусымен аспанды жаңғыртты. Мүшріктер оны шейіт
қылды. Мен мұны көріп тұрып қол ұшын бере алмадым.
Өкінішке орай, ол кезде әлі мүшріктердің қатарында
едім. Аллаһ тағала осы күнәм үшін мені ешқашан да
кешірмес деп қатты қайғырғаным соншалық, сон-
дай кезде ес-түсімді білмей талып қаламын, – деп
шағымдардың бәріне жауап берді.
Әкім де өзі, тақуа да өзі Саидтің жауабын естіген
Омар тұла бойы шымырлап:
“Аллаһым, дұрыс пейілімде мені жаңылтпадың,
мың да бір шүкір”, – деді. Жиналған жұрт та Саид ибн
Әмирдің жанкештілігіне таңқалып, көзіне жас алды
206
.
Дүниенің өткінші салтанатына алданбай, халықтың
игілігі үшін ғұмыр кешкен сахабалардың бірі осы
хазірет Саид еді. Ол әкім болып тұрған кезде хали-
фа Омар әл-Фаруқ Хумус халқының ішіндегі кедей-
кембағалдардың тізімін жасауды адамдарына тапсыр-
ды. Пақырлардың тізімі жазылған парақ хазірет Омарға
әкелініп табыс етілді. Тізімнің ең басында Саид ибн
Әмир есімін көрген Омар аң-таң болды. Бәлкім, аттас
шығар деген оймен:
– Бұл қай Саид ибн Әмир? – деп сұрады.
– Уа, мүминдердің әміршісі, бұл біздің әкіміміз, –
деген жауапты естігенде халифа таңданып:
206
Хилятуль-әулия, 1:245-246.