219
Мәшһүр сахабалар
– О, Біләл! Бізге кім азан шақырады? – дегенде
Біләл (р.а.) көз жасына ерік беріп:
– Мен Аллаһ елшісінен кейін ешкімге азан шақыра
алмаймын, – деді.
Біләлдің алысқа кеткенін қаламай, қанша
жібермеуге тырысса да хазірет Біләл:
– Уа, Әбу Бәкір, рас, сен мені құлдықтан құтқардың.
Егер мені өзің үшін азат еткен болсаң, онда алып қал.
Ал, егер Аллаhтың разылығын көздеп сатып алған
болсаң, еркіме жібер, – деді.
Әбу Бәкір (р.а.) рұқсат берген соң Біләл Хабаши
Шамға барып, Ислам туын көкке көтеріп, бірнеше
соғысқа қатысты.
Шамда жүрген кезінде бір түс көріп, Мәдинаға
келді. Пайғамбарымыздың қабірінің қасында хазірет
Хасан мен Хұсейнді кездестіріп, Аллаһтың сүйікті
елшісімен (с.а.с.) бірге өткізген тәтті күндерді еске
алды. Әлемдердің Падишасы (с.а.с.) дүниеден озғаннан
соң, Мәдинада азан шақырмаған еді. Ғаламның
рақым нұрынан (с.а.с.) кейін азан шақыруға тағаты
да жетпеді. Өйткені, азандағы “әшһәду әннә Му-
хаммадан Расулуллаһ” (Мұхаммедтің Аллаһ елшісі
екендігіне куәлік етемін) деген сөйлемді айта алмай
іркіліп қалатын. Даусы шықпай көз жасына булығып,
аяқтарының буыны босап кете баратын.
Пайғамбарымыздың “менің дүниеде иіскеген екі
райханым” деген немерелері Хасан мен Хүсәйіннің
өтінішінен кейін, соңғы рет Мәдинада азан шақыруға
бел буды. Көзін көкке қадап тұрып, бүкіл жан дүние-
сімен тебіренте азан шақырды. Бүкіл Мәдинада Аллаһ
елшісіне (с.а.с.) деген сағынышты жаңғыртты. Ел түгел
көшеге шықты. Аллаһ расулының нұрлы өмірін көз ал-