Previous Page  216 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 216 / 336 Next Page
Page Background

216

Cаңлақ cахабалар

Осындай күндердің бірінде сол маңнан өтіп бара жатқан

хазірет Әбу Бәкір Үмәйяға:

“Раббым – Аллаһ” дегеніне бола байғұсты өлтіре-

сіңдер ме? – деді. Содан соң Әбу Бәкір:

– Құнынан да артық ақша төлейін, оны босат, –

деді.

Бұл ұсынысты естіген Үмәйя қуанып кетті.

Өйткені, оның райынан қайтпасына әбден көзі жетіп

шаршағанды. Ақша дегенде құлқыны тоймас сауда-

гер оны өлтіріп құтылғаннан, тірідей құтылудың пай-

далы екенін түсінді. Осылайша иман жолында үлкен

табандылық көрсеткен Біләл еркіндікке қауышып, шы-

найы Жартушысына құлшылық етуге асықты.

Азат етілген діндес бауырын Әбу Бәкір

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жанына ертіп апарады.

Оның мұсылмандар қатарына қосылуы үлкен қуаныш

болды

201

.

Біләл Хабаши кейін басқа да сахабалар сияқты

Мәдинаға һижрет етті. Сағд ибн Хәйсәманың үйінде

қонақ болды. Мұһажирлер мен ансарлар арасында

бауырластық жасалған кезде, Біләл Хабаши Абдуллаһ

ибн Абдуррахманмен төс қағысады. Бұл бауырластық

өмір бойы жалғасты. Хазірет Омардың тұсында Сирия-

да болған кезінде өзіне тағайындалған айлықтың жар-

тысын бауырына жіберіп отырды

202

.

Пайғамбарымыз сахабаларымен мұсылмандарды

намазға қалай шақырсақ екен деп көп кеңесті. Соңында

бірнеше сахабаның көрген түсінен кейін қазіргі айты-

лып жүрген азан бірауыздан қабылданды. Бұл қасиетті

міндет ең алғаш хазірет Біләлға табысталды. Осыдан

201

Табақат, 3:234.

202

Р. әл-Бәша, 1, 507.