Previous Page  239 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 239 / 336 Next Page
Page Background

239

Мәшһүр сахабалар

Сәлман Мусулдан Нусайбинге, ол жерден Амурия-

ға барады. Сол жерде шынайы дінді ұстанушылардың

ең соңғыларының бірі болған қарт монах бар еді.

Ақиқатты іздеуге деген шексіз махаббат жетелеген

Сәлман Амуриядағы монахқа қызмет жасап, күндерін

құлшылықпен өткізеді. Қарт монах көз жұмарда оған

соңғы өсиетін жеткізеді:

“Балам, дәл қазір саған насихат ететін біз сияқты

ешкім қалмады. Бірақ, Ибраһимнің діні бойынша

жіберілетін соңғы пайғамбардың келетін заманы өте

таяу. Ол – араб жерінен шығады. Сосын екі жағы

тастақты құрма өскен жерге көшеді. Оның бойында

пайғамбар екеніне куәлік ететін анық дәлелдер бар.

Мен білетін үш айқын дәлелі мынау: Ол – садақа ал-

майды, бірақ сыйды қабыл етеді, екі иығының орта-

сында пайғамбарлығын дәлелдейтін мөрі бар. Шамаң

келсе, сол жерге жет”

218

. Осы тұста бұл монахтан басқа

да Адамзаттың құтқарушысын ынтыға күткен адамдар

бар болатын

219

.

Әңгіменің жалғасын Сәлман әл-Фарисидің өз ау-

зынан тыңдайық: “Монахтың айтқан жеріне бару үшін

керуен іздедім. Ақырында сол жерге баратын керуен

таптым да, олармен жол ақысын өтеуге келісіп, мені

сол жерге апаруларын өтіндім. Қабыл етуін қабыл

етті-ау, бірақ Уадил-Қураға келген кезде опасыздық

жасап, мені құл деп бір яһудиге сатып жіберді. Барған

жерімнің құрма толы бау-бақшасын көргенде, бәлкім,

монахтың маған айтқаны осы жер болар деп сонда

қалдым. Бір күні Бәни Қурайза яһудилерінен біреу мені

сатып алып, Мәдинаға апарды. Ол жердің де құрма

218

Ахмад ибн Ханбал, 5:442-443; Табақат, 4:77-78.

219

Абдуллаһ ибн Сәлам тақырыбына қараңыз. б -199.