Previous Page  183 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 183 / 336 Next Page
Page Background

183

Мәшһүр сахабалар

қателіктерінің нәтижесінде мұсылмандар ауыр соққы

алды. Сол майдан даласында көптеген хас сахаба шейіт

болды.

Ұхұт шайқасында мүшріктердің алғашқы назарға

алғандары – хазірет Пайғамбар мен Хамза еді.

Әбу Суфиянның әйелі Хинд әкесін, көкесін, бауыры

мен баласын Бәдірде жоғалтқан болатын. Туыстарының

көбісінің түбіне Хамзаның жеткенін естіп, оның ба-

сын алу үшін бүкіл мүшріктерді соғысқа айдап салды.

Уахшидің міндеті – тек қана Хамзаны өлтіру екенін

әбден құлағына құйды. Мойнындағы алқасы мен сәндік

әшекейлерінің бәрін беремін деп, дүние десе құтырып

кететін құлды құнықтыра түсті.

Уахши шайқас кезіндегі жағдайды былай

әңгімелейді:

“Адамдардың арасында Әлиді іздедім. Өте сақ, ай-

лакер, күшті әрі айналасына жіті қарайтын біреу еді.

Өз-өзіме “менің іздеген адамым бұл емес” дедім. Сол

кезде Хамзаны көрдім. Айналасына дес бермей, алдына

келгенін жайпап салып жатты. Оңтайлы мезеттің келуін

күтіп, төбешіктің артына жасырындым. Бір кезде Шиба

ибн Үмму Әммар “менімен шайқасатын батыр бар ма?”

деп атой салды. Хамза оған “Аллаһ пен елшісін сен бе

майданға шақырып тұрған?” деп көзді ашып-жұмғанша

жанын алды

161

. Селдің суына аяғы тайып жығылған кез-

де найзамды оған лақтырдым. Найза кеудесіне барып

қадалды”.

Уахши Аллаһ арыстанының бауырын суырып алып

Хиндке бір қолымен ұсынып тұрып, екінші қолын оның

уәде еткен алқаларына созды. Хинд бүкіл алқаларын

оның алақанына салды. Ол Хамзаның жеңіл өлгеніне

161

Бухари, Қандыхләуй, 2:254.