Previous Page  179 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 179 / 336 Next Page
Page Background

179

Мәшһүр сахабалар

қалғанын, көрсеткен қорлықтарының адам төзгісіз

екендігін білдірді.

Туысқандық сезімі атой салған ержүрек Хамза

ашуға булығып, төтелей Қағбаға тартты. Достарымен

Қағбаның айналасында әңгіме-дүкен құрып отырған

Әбу Жәһилдің үстінен түсіп, садағымен бір ұрып Әбу

Жәһилдің басын жарады. Бет-аузын қан жуып кеткен

Әбу Жәһилді жағасынан алып: “Менің бауырымды

неге қорлайсыңдар. Мына мен де соның дініндемін,

ал, әйтпесе. Мықты болсаң, маған қарсы шық” деп

жұлқып-жұлқып алды.

Хамза күшімен қоса ақылмен іс жасауды да білетін.

Үйіне оралған ол жатып ойланды. Көңілі алабұртып,

дөңбекшіп көз іле алмады. Ол Исламды қалай қабыл

еткен еді? Бауырына жасалған зұлымдыққа шыда-

май, ашуланып, Әбу Жәһилді қан жоса қылды. Ата

дәстүрлерін соншалықты қастерлеп, киелі тұтқан

адамның ата салттары мен сенімдерін бірден тастауы

мүмкін бе? Өзі ереже-қағидаларын мүлдем білмейтін

жаңа бір дінге өтуі дұрыс па? Соларды ойлап санасы

сан-саққа кеткен Хамза медет тілеп, Жаратушыға жал-

барынды, жүрегіндегі шүбәні жуып-шаюын сұрады.

Оның тілегі қабыл болып, жүрегіне иман нұры ұялады.

Сонша құдіретпен әлемді басқарып тұрған ұлы күштің

құдіретін ұғынып, иман нұрына бөленді

159

.

Оның Исламды қабылдауы мүшріктердің

жауыздықтарын толығымен тізгіндей алмаса да,

мұсылмандар үшін ес болды. Хамза сындыжаужүректің

мұсылман болуы мүшріктерді іштен тынатын шарасыз

ашуға булықтырды.

159

Р. әл-Бәша, 1: 440-442.