177
III БӨЛІМ
МӘШҺҮР САХАБАЛАР
Хамза ибн Әбдүлмүттәліп
“Әй, Аллаһ пен елшісінің арыстаны Хамза! Ей,
ізгіліктер иесі Хамза! Ей, Аллаһтың елшісін бүкіл жаны-
мен қорғаған Хамза! Аллаһ саған мейірімін төксін! Егер
сенің артыңнан аза тұту керек болса, сенің өліміңнен
кейін қуануды ұмытып, әрдайым жылар едім”.
(Хадис)
Аллаһтың арыстаны, шейіттердің мырзасы
Хамзаның лақабы – Ибн Яғлә немесе Әбу Әммәрә.
Әбдүлмүттәліптің баласы, Пайғамбарымыздың әкесінің
інісі. Пайғамбарымызға сүт ана болған Әбу Ләһәбтің
күңі Суәйбә одан бұрын Хамзаны да емізгендіктен,
екеуі сүт (бір емшектес) бауыр.
ХазіретХамза–ортабойлы, күшті, айбарлы, абырой-
лы сахаба. Өзі мерген, аңшы және құрайыштықтардың
құрмет тұтар батыры. Қиындыққа душар болғандарға
жанашыр, әділетсіздікке төзбейтін баһадүр. Аң аулауға
шыққанды жаны сүйетін. Одан қайтарда Қағбаны тау-
ап етуді қасиетті санап, аталарының дәстүріне құрмет
көрсететін
158
.
Хамза жас жағынан Пайғамбарымызбен (с.а.с.) ша-
малас, тай-құлындай тебісіп бірге өсті. Сондықтан да
158
Усдул-ғаба, 2: 52.