173
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
– Аллаһқа ант етейін! Сендердің Османға
жасаған сансыз қастандықтарың Ұхұт тауын орнынан
қозғалтқаннан да ауыр, – деп наразылығын білдірді.
Ол кезде Куфаның әкімі Мұғира ибн Шубә еді. Бір
күні Мұғира Куфаның ең үлкен мешітінде көпшіліктің
арасында отырды. Осы кезде мешітке хазірет Саид
(р.а.) кірді. Әкім құрметті сахабаны қадірлеп жанына
отырғызды. Осы мезетте куфалық бір кісі кіріп, аузына
келгенін айта бастады. Не болғанын түсінбей қалған
Саид (р.а.) әкімнен:
– Әй, Мұғира, мына адам кімді жамандап жатыр?
– деп сұрайды:
– Әлиді, – деді. Мұны естіген хазірет Саид ашуға
мініп:
– Әй, Мұғира, Мұғира! Сенің көз алдыңда Аллаһ
елшісінің серіктеріне тіл тигізіліп жатыр. Сен болсаң
бұған көз жұма қарайсың, – деп кеий сөйлейді:
– Мен сендерге өз құлағыммен естіп, жүрегіммен
ұққан мына бір хадисті айтайын. Аллаһ елшісі: “Әбу
Бәкір – Жәннатта, Омар – Жәннатта, Осман – Жәннатта,
Әли – Жәннатта, Талха –Жәннатта, Зүбәйр – Жәннатта,
Сағд ибн Әбу Уаққас – Жәннатта”, – деді. Бұлардың
тоғызыншысын да айту керек болса, айтар едім, –
деді.
Ертесінде мешітке жиналған халық ант етіп,
тоғызыншы адамның атын білгенше асықты. Хазірет
Саид (р.а.) олардың өтініштерін жерге тастамай:
– Аллаһ атымен сөз беріп тұрғандарың үшін ай-
тайын. Тоғызыншысы – менмін, – дейді:
Міне, Жәннатпен сүйіншіленген сахабалар жайлы
айтылған хадисті риуаят еткен адамдардың бірі – осы
Саид ибн Зәйд (р.а.).