Previous Page  169 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 169 / 336 Next Page
Page Background

169

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

көмуге қарсы тұрды. Өз бүлдіршіндерін шімірікпестен

топыраққа көмбекші болғандарды көрсе, олардың

қыздарын аман алып қалып, тастандыларды өсіріп

жеткізген соң, қыздарын қайтып алғылары келгендердің

тілегін аяқ асты етпейтін. Зәйд “Аллаһым, саған қалай

құлшылық жасалынатынын білсем, солай құлшылық

етер едім” деп көп қынжылатын. Өзінің ұлы Саидтен

жиі-жиі “бір Аллаһқа сенейін бе, әлде мың тәңір мен

пұттарға ма?” деп сұрайтын. Міне, әкесінің осындай

халі Саидтің Исламды тез қабылдауына себеп болған-

ды.

Мұсылман болған соң Пайғамбарымызға (с.а.с.)

әкесінің басынан кешірген күйін әңгімелеп, оның

жағдайының қалай болатынын сұрағанда, Аллаһ елшісі

“Оны қиямет күнінде жалғыз өзін бір үмбет қылып

тірілтеді”

147

– деп Саидті сүйіншіледі.

Саид ибн Зәйд 19-20 жасар албырт шағында

мұсылман болды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) дінін уағыздай

бастаған уақытта естігендерінің әкесінің ұстанымына

сәйкестігіне көзі жетіп, мұсылмандықты қабылдады.

Ол Расулаллаһ саусақпен санарлық сахабаларымен

Әркәмнің үйінде жиналмастан бұрын – он үшінші неме-

се он екінші болып Исламды қабылдаған болатын

148

.

Саид ибн Зәйд (р.а.) – Омар ибн Хаттабтың күйеу

баласы. Омардан (р.а.) бұрын қарындасы мен күйеу

баласы Исламды қабылдады. Хазірет Омар олардың

мұсылман болғанын естіген кезде терісіне сыймай

тепсініп, екеуінің сазайын тартқызамын деп салып-

ұрып үйіне барады. Алайда аталарының дінін ұстанып,

147

Усдуль ғаба, 2:307.

148

Усдуль ғаба, 2:306-307.