170
Cаңлақ cахабалар
шірктің күңсіген қоқысында аунаған Омар бұл үйден
шыққанда мұсылман болу бақытына ие болған еді
149
.
Ислам дінінің тағдыры қылпыған, қиып түсер
қылыш жүзінде кезек аунаған сол бір қиын-қыстау
кезеңде Исламды қабылдап, Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) жанынан айырылмаған Саид имандылықтың
асыл ері боп ғұмыр кешті. Ислам үшін жан аямай
күресті. Мұсылман болғаннан кейін ол да басқа саха-
балар сияқты мүшріктерден жәбір көрді. Меккеде көзге
түсудің өзі қияметке айналғанда, Пайғамбарымыздың
рұқсатымен Эфиопияға һижрет етті. Кейін Мәдинаға
көшкенде Ұбай ибн Қағбпен бауырластырылды
150
.
Саид ибн Зәйд Пайғамбарымыздың (с.а.с.) за-
манында Бәдір шайқасынан өзге бүкіл соғыстарға
қатысты. Бәдір шайқасынан бұрын Саид және Талха
ибн Ұбайдуллаһты (р.а.) Расулаллаһ (с.а.с.) Сирияға
кеткен мүшріктердің керуені жайлы мәлімет жинау
үшін арнайы жібереді. Олардың міндеті – қандай да бір
мәліметті қолға түсірер-түсірместен ізін суытпай дереу
Мәдинаға жеткізу. Бұл мақсатпен жолға шыққан екі
сахаба Мәдинаға қайта оралғанда, Бәдір шайқасының
жеңіспен аяқталғандығын естіді. Бұл шайқасқа қатыса
алмағандары үшін қатты өкінген екі қаһарманды Аллаһ
елшісі (с.а.с.) соғысқа қатысқандардың қатарында са-
нап, екеуін де құр алақан қалдырмады
151
.
Бұл бақытты сахаба өмірін Ислам үшін арнады.
Пайғамбарымызды (с.а.с.) жанына жақын тұтып, қашан
да маңайынан табылатын. Саид ибн Жүбәйр бұл жай-
лы:
149
Хазірет Омар бөліміне қараңыз.
150
Усдуль ғаба, 2:387.
151
Табақат, 3 :382-383.