166
Cаңлақ cахабалар
дұрыс болмаса да бір күні Әлимен соғысасың” дегені
есіңде ме? – деп жасаған ескертуінен кейін, хазірет
Зүбәйр:
– Иә, есіме түсті. Бұл ертерек есіме түссе, орным-
нан қозғалмас едім. Аллаһқа ант етейін, мен сенімен
соғыспаймын, – деді. Содан кейін хазірет Айшаға ба-
рып, соғыстан бас тартатындығын айтып, райынан
қайтты. Басқалардың “жарты жолдан тастап кетесің
бе?” дегеніне қарамастан, шындық жолында шыбынды
да үркітпейтін Зүбәйр (р.а.) соғыс алаңынан сытылып
шықты
142
.
Шындыққа бас иген Зүбәйр ол жерден кері
қайтқанда артына Амр ибн Жүрмүз деген қанішер
түседі. Зүбәйрдің намаз оқуға тұрған кезін пайдаланып,
сәждеге барған кезінде, оны шейіт қылды
143
.
Қанішер хазірет Зүбәйрдің атын, қылышын және
жүзігін алып Әлиге (р.а.) барып сүйінші сұрамақ бол-
ды. Зүбәйрдің (р.а.) көзіндей көрген заттарына жанары
түскен хазірет Әли:
– Сафиияның ұлын өлтірген адамға тозақтық
екенін ескерт, – деді.
Зүбәйр ибнӘууәмАллаһтан қатты қорыққандықтан
және Аллаһ елшісіне деген терең құрметі себепті өте аз
хадис риуаят еткен. Мұның себебін сұраған ұлына:
– Балам, басқалардың көргендерін мен де көрдім.
Бірақ мен Пайғамбарымыздың “кім менің атымнан
бір жалған айтса, тозақтағы орнына дайын болсын»
дегенін өз құлағыммен естідім. Оның айтпағанын
айтты деп, байқамай жалған сөйлеп қоямын ба деп
142
Асру саадат, 1:344.
143
Табақат, 3:112.