163
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
Ақиқаттың даңғыл соқпағына түскен Зүбәйр
мүшріктердің талай құқайы мен қоқаңын көрді. Қызық
болғанда бұл қиыншылықтар оны алып түсер алмас
қылыштай жаныды. Сөйтсе де мүшріктер оны қанша
қинап бақса да, мұқалта да, мұқата да алмай дымы
құрыды.
Аллаһ үшін ел-жұртын тастап Эфиопияға һижрет
еткен алғашқы топтың ішінде хазірет Зүбәйр де бар еді.
Кейінірек ол жерден Мәдинаға һижрет етті.
Мәдинада адамзаттың Ардақтысының (с.а.с.)
қасына бір жетіп алғаннан кейін; қуанышты да,
қайғылы да күндердің бәрінде бірге болды. Бүкіл
шайқастарда жанынан табылып, Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) оққағары болды. Бұл жайлы өзі былай деген:
“Аллаһ елшісімен бірге соғысқан шайқастарда
жарақат алмаған жерім қалмады”. Тіпті бұл жарақат-
тардың ұятты жерлеріне дейін барғандығы айтыла-
ды
138
.
Бәдір шайқасында дұшпандарын жандарынан
түңілдіріп, қарсысына келгенін бүлдіргідей бүлдірді.
Бірақ өзі де жарақаттанбай қалған жоқ. Оның баласы
Үруә әкесінің денесіне терең түскен жарасы туралы
“мен бала кезімде бұл жараның орнына саусақтарымды
сұғып ойнайтынмын” деп айтқан
139
.
Хазірет Зүбәйрдің Бәдір шайқасындағы
батырлығына бас иген Пайғамбарымыз (с.а.с.) :
“Періштелердің сары сәлдемен Зүбәйрдің
бейнесінде түскендерін көрдім” деп марапаттаған
еді
140
.
138
Тирмизи, манақыб:25.
139
Бухари, фадаилу асхабин-нәби, 13.
140
Табақат, 3:103.