Previous Page  158 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 158 / 336 Next Page
Page Background

158

Cаңлақ cахабалар

– Иә.

Пайғамбарымыз басқа да амалдары жайлы сұрап,

сахабалардан “иә” деген жауап алғаннан кейін былай

деді:

– Олай болса, екеуінің арасында жер мен көктей

айырмашылық бар

132

.

Хазірет Талха жүзі жылы, түсі игі ақкөңіл жан

еді. Адамдар бір нәрсе сұраса мүмкіндігінше олардың

қолын бос қайтармайтын. Өзіне жасалған қандай да бір

жақсылықты азсынбай, үнемі алғысын жаудыратын.

Оның осындай асыл қасиеттерін білген көркем мінезді

және ардақты әйелдердің бірі Үммү Әбан атты әйел

басқа да сахабалардың көңіл білдіргеніне қарамастан,

ол хазірет Талханы таңдайды.

Жүрегінің жұмсақтығы сондай, Пайғамбарымыз

дүние салғанда кейбір сахабалар халифаның кім бо-

латынын талқылай бастаған кезде, ол бір бұрышқа

тығылып ап, көңілі алай-дүлей болып, нұрын шашқан

шуақты күн сөніп, суып сала берген әлемнен өгей күй

кешіп, қимастықпен Аллаһ расулын (с.а.с.) жоқтап жы-

лау үстінде болды.

Ол хазірет Әбу Бәкірдің халифалығын қабыл етіп,

оның кезеңінде ақылдастар алқасының құрамында бол-

ды. Мұсылмандар бас қатыратын мәселеде Талханың

кеңестеріне құлақ түретін.Мемлекетті екі жыл басқарған

Әбу Бәкір Сыддық әл үстінде жатып, өзінен кейін кімді

халифа етіп тағайындау керектігі жайлы сахабалардың

көзқарастарын сұрады. Талха ибн Ұбайдұллаһтан ойын

сұрағанда ол, бұл орынға тағайындалуға қара-қылды

қақ жарған әділ Омарды лайық көретінін айтты.

132

Муснәд. 1:163.