Previous Page  155 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 155 / 336 Next Page
Page Background

155

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

стамады. Алайда қан көп кеткендіктен есінен танып

қалады. Пайғамбарымыз оны хазірет Әбу Бәкірге тап-

сырды. Бетіне су бүріккен кезде есін жинаған ол, көзін

ашар-ашпас:

– Расулаллаһ қалай? – деп сұрады. Басын сүйеп

отырған Әбу Бәкір (р.а.) :

– Аллаһқа мың да бір шүкір. Өте жақсы. Мені саған

Расулаллаһ жіберді, – дегенде, демін терең алып:

– Аллаһ тағалаға шүкір! Пайғамбарым аман бол-

сын, басқа қиындық түк те емес, – деді. Шамалыдан

кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) хазірет Талханың қасына

келді.Қолдарын көкке жайып:

– Аллаһым, оның жанына шипа, бойына қуат бер,

– деп дұға жасады. Пайғамбарымыздың дұғасынан

кейін хазірет Талха түк болмағандай ширақ қимылдап,

қайтадан суға сүңгігендей ұрысқа қойып кетті.

Ұхұт шайқасында Талха (р.а.) көп жерінен жарақат

алады. Хазірет Талханың жанқиярлығы мен ерліктеріне

сүйсінген Пайғамбарымыз оған “Талхатул-хайр”

(Қайырлы Талха) деген лақап берді. Мұнымен қоса:

– Талхаға Жәннат уәжіп болды. Талха Жәннатқа

кірерлік іс жасады

130

, – деп оның сүйіншісін паш етті.

Хазірет Талха өзін шадыман-шаттыққа бөлеген бір

оқиғаны былайша баяндаған еді:

“Сахабалардың біреуі күндердің бір күнінде Аллаһ

елшісінен:

“Мүминдердің ішінде сондайлары бар…

олар Аллаһқа берген сөздерінде тұрды. Олардың

кейбіреулері жандарын пида етті, кейбіреулері бұл

абыройды (шейіт болуды) күтуде”

деген аяттағы

“шейіт болуын күткендердің”

кімдер екенін сұрады.

130

Табақат, 3:217-220; Мустәдрәк, 3:374.