Previous Page  152 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 152 / 336 Next Page
Page Background

152

Талха ибн Ұбайдұллаһ

“Аллаһ тағалаға шүкір! Пайғамбарым аман болсын,

басқа қиындық түк те емес”.

(Талха ибн Ұбайдұллаһ)

Екі жаһан сардары хазірет Мұхамметтің (с.а.с.)

“Талха мен Зүбәйр – Жәннаттағы қоңсыларым” деп

ілтипат білдірген, көзінің тірісінде мәңгілік бақытпен

сүйіншіленген он сахабаның бірі – Талха ибн

Ұбайдұллаһ.

Батырлығымен қоса сансыз асыл қасиеттерімен

Аллаһ пен елшісінің марапатына ие болған Талха

ибн Ұбайдұллаһ, әсіресе, Ұхұт ұрысындағы ерлігімен

ғасырлар бойы қастерленіп еске алынды. Ақиық

пайғамбардың (с.а.с.) ең жақын, хас сахабаларынан бо-

лып, бүкіл ғұмырын Ислам жолында пида еткен хазірет

Талха төрт халифаның тұсындағы кеңес мәжілісінің де

тұрақты әрі белді мүшелерінен еді.

Талханың (р.а.) мұсылман болуына сауда сапары

себеп болды. Басрада болған кезінде бір поп:

– Іштеріңізде Меккеден келгендер бар ма? – деп

сұрады. Талха ибн Ұбайдұллаһ:

– Иә, мен Меккелікпін, – деді.

– Ахмет келді ме?

– Ахмет деген кім?

– Абдуллаһ ибн Әбдулмүттәліптің ұлы. Мекке-

ден келгендерді іздеген себебім, сол жерден шығатын

Пайғамбарлардың ең ақырғысының келген-келмегенін

сұрастырып білейін деп едім. Өзі сол қасиетті жерден

қуғындалып, құрмасы мол, тастақты және аңқа кептірер