Previous Page  149 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 149 / 336 Next Page
Page Background

149

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Омардың халифалығы тұсында мұсылмандардың

арасында аштық белең алды. Хазірет Омар әкімдерден

жәрдем сұрады. Оған алғаш жәрдем еткен де Әбу

Үбәйда болды. Сирияның әкімі болған ол төрт мың жүк

артқан керуенді Мәдинаға өзі бастап барып, халыққа

бөліп берді.

Қанағатпен-ақ қарын тойғызып, жұпыны тірлік

кешті. Хазірет Омар оған үйіне шақыруын өтінген.

Ондағы ойы – өзінің тағайындаған әкімінің тұрмысын

өз көзімен көру еді. Олар әдейілеп Әбу Үбәйданың

үйіне барады. Табалдырықтан аттағанда мүминдердің

әміршісі қылыш, қалқан және бірнеше үй жарағынан

басқа мүлік көре алмады. Хазірет Омар:

– Бұдан басқа еш нәрсең жоқ па? – дейді.

– Бұлар менің қажетіме жетеді. – Оның бұл жүдеу

тұрмысына толқыған халифа Омар:

– Ей, Әбу Үбәйда! Дүние бәрін өзгертті, бірақ сені

өзгерте алмапты-ау

125

, – деді.

Хазірет Әбу Үбәйда қолына түскенін мұқтаж

кісілерге таратып беретін аса жомарт жан еді. Бірде

хазірет Омар оған шапқыншысы арқылы төрт жүз

дирхам беріп жібереді. Ол шапқыншысына “ақшаны

не істейді екен, байқап көрші” деп тапсырады. Әбу

Үбәйда қолына ақша тиер-тиместен соңғы тиынына

дейін мұқтаждарға таратып берді.

Өз міндетіне адал, Аллаһ елшісіне сүйіспеншілігі

шексіз Әбу Үбәйда (р.а.) қол астындағыларды өз бала-

ларындай көріп, қанаттыға қақтырмайтын, тұмсықтыға

шоқытпайтын. Оның мейрімділігін тек мұсылмандар

ғана емес, христиандар да көрді. Сондықтан да христи-

андар оған адал қызмет етті.

125

Исәбә, 2:254; Усдул-ғаба, 3:85.