Previous Page  150 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 150 / 336 Next Page
Page Background

150

Cаңлақ cахабалар

Сол кездегі жалпы мұсылман қоғамының өзге дінді

ұстанған басқа да халықтар қалай қабылдағанын баян-

дау үшін тарихта болған мына оқиғаны айта кеткеніміз

жөн.

Халифа Омардың тұсында Әбу Үбәйда Сирияның

әкімі болып тұрды. Рим императоры Геракл Сирияны

өзіне қаратып алуға тырысты. Бұл кезде Әбу Үбәйданың

айналасына аз ғана әскер топтасқандықтан, қаланы жа-

удан қорғау мүмкін емес-ті. Дереу Сирия тұрғындарын

жинап алып “сіздерден жизия салығын алдық. Сол

себепті сіздерді жаудан қорғауымыз керек болатын.

Алайда дәл қазір бізде жауға төтеп беретін күш жоқ.

Сіздерді қорғай алмайтындықтан жизия салығын

қайтарып беруді жөн көрдік. Өйткені, бұл жағдайда

оның бізде болуы дұрыс емес”, – деді.

Жиналған салық иелеріне қайтарылды. Бұл

оқиғаға куә болған христиан дін адамдары шіркеулерді

лықа толтырып, мұсылмандардың жанын аман алып

қалуын Жаратқан Иеден жалбарына сұрады. Христиан

діндарларыкүллішіркеуді күңірентіпбылайдұға оқыды:

Мұсылмандармен бірге бізді қанқұйлы Гераклдың

жауыздығынан құтқара гөр»

126

деп мұсылмандар үшін

көз жастарын көлдетті.

Ислам үмбетінің шынайы иманға ие болып, Аллаһ

елшісінің (с.а.с.) әкелген діні бойынша жүрген кездегі

тарихта алған орны мен қалыптастырған көзқарасы

осындай болатын.

Үмбеттің сенімдісі Әбу Үбәйда Сирияға билік

құрған тұста тарихта “әмуәс обасы” деген атпен белгілі

болған оба індеті қамысқа тиген өрттей лап ете қалды.

Ол өңірде обаның шыққанын естіген хазірет Омар оған

126

Әбу Дауд, Әдәб, 164; Муснәд, 1/404.