146
Cаңлақ cахабалар
жасап орта жолда тастап кетпеуге бар күшін салды.
Эфиопияға һижрет етуге жол ашылған кезде мүшрік-
тердің зәбірліктері мен зұлымдықтарынан құтылу
үшін һижрет етті. Кейін Мәдинаға һижрет етіп,
Расулаллаһтың (с.а.с.) қасына барды. Пайғамбарымыз
мұһажирлер мен ансарларды бауырластырған кезде
оның бауыры Сағд ибн Муаз болды.
Қаһарман сахаба, ержүрек жауынгер хазірет
Әбу Үбәйда бүкіл шайқастарда Пайғамбарымызбен
бірге болды. Ислам тарихындағы ең маңызды Бәдір
шайқасында жеңіске жету жолында бар күш-жігерін
салды. Бұл шайқаста мұсылмандарға қарсы шептегі
мүшріктердің арасындағы әкесі Абдуллаһпен бетпе-
бет келеді. Әкесі ұлы қайда барса, сонда барып, ар-
тынан қалмай, өз баласын өлтіруге жанын салды. Әбу
Үбәйда болса, мүшрік әкесін өлтіріп алмау үшін одан
алапестен безгендей қашты. Алайда әкесінен қашып
құтыла алмады. Хазірет Әбу Үбәйда дін мен әкесінің
біреуін таңдауына тура келді. Ол дінін таңдап, өзін
өлтірмекші болған әкесін өлтіруге мәжбүр болды. Бұл
оқиғаға байланысты:
“Аллаһқа, ақырет күніне иман
келтірген бір елдің аталары, не балалары, яки туы-
стары немесе ағайындары болса да Аллаһқа, Оның
Елшісіне қарсы келгендерді сүйгенін көрмейсің. Міне,
Аллаһ солардың жүректеріне иман жазған, әрі өз
жағынан бір нұрмен қолдаған. Және оларды астынан
өзендер ағатын, әрі онда мәңгі қалатын пейіштерге
кіргізеді…”
119
деген аят түскен.
Ұхұт шайқасында Пайғамбарымызға шабуыл
жасаған мүшріктер Аллаһ елшісінің бетін жарақаттап,
тістерін сындырды. Пайғамбарымыздың дулығасынан
119
Мүжәдәлә, 22