Previous Page  143 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 143 / 336 Next Page
Page Background

143

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

аттандырар кезінде Пайғамбарымыз өз қолымен басы-

на сәлдесін орап, туды табыс еткеннен кейін:

– Алла Тағаланың атымен Аллаһ жолына аттан.

Аллаһтың әмірінен аспа. Зұлымдық етпе. Балаларды

өлтірме. Кәлб тайпасын Исламға шақыр. Қабыл етсе,

басшыларының қызына үйлен, – деген болатын.

Абдуррахман ибн Ауфтың жүріс-тұрысымен-

ақ Исламдық құндылықтардың қасиетін өз ойы

мен бойынан көрсетуі арқасында, христиандардың

көбісі Исламды қабылдап, қабылдамағандар да жи-

зия

116

салығын төлеуге көнді. Абдуррахман ибн Ауф

Пайғамбарымыздың айтуымен Исламды қабылдаған

Кәлб руының басшысы Исбағ ибн Амрдің қызына

үйленді.

Аллаһ елшісінің көзі тірісінде пәтуа берген

сахабалардың санатында болған хазірет Абдуррахман

Тәбук соғысында Пайғамбарымыз да арасында болған

жамағатқа намаз оқытты. Пайғамбарымыз бір мезет

жамағаттанайырылды. Таңнамазыныңшығатынуақыты

да таяп қалған соң, сахабалар Абдуррахман ибн Ауф-

ты имамдыққа өткізіп, намазға тұрды. Пайғамбарымыз

осы намазға қосылып, Абдуррахманның артында на-

маз оқыды. Намазды бітірген соң Пайғамбарымыз

(с.а.с.): “жақсы оқыттың, дұрыс істедің” деп ілтипатын

білдірді

117

. Осылайша ол хазірет Әбу Бәкір (р.а.) сияқты

Пайғамбарымызға намаз оқытқан сахабалардың бірі

болу құрметіне ие болды.

Абдуррахман ибн Ауф (р.а.) Пайғамбарымыздың

мәңгілікке сапарынан кейінгі тарихи оқиғалардың бел

116

Мұсылман мемлекетінде өмір сүретін мұсылман емес

халықтардан оларды қорғау үшін алынатын салым.

117

Муснәд, 4:247.