Previous Page  145 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 145 / 336 Next Page
Page Background

Әбу Үбәйда ибн Жәррах

“Әр үмбеттің бір сенімдісі бар. Ислам үмбетінің

сенімдісі – Әбу Үбәйда ибн Жәррах”.

(Хадис)

Исламмен алғаш табысып, Жәннатпен сүйін-

шіленген бақытты кісілердің бірі – осы Әбу Үбәйда.

Азан шақырып қойған аты – Амир, лақап есімі –

атасының атына байланысты Әбу Үбәйда ибн Жәррах

деген атпен танымал болды. Шежіресі жетінші атада

хазірет Пайғамбарымызбен (с.а.с.) туыстығы бар.

Ардақты елші (с.а.с.) “Әр үмбеттің бір сенімдісі бар.

Ислам үмбетінің сенімдісі – Әбу Үбәйда ибн Жәррах”

118

деп оны мақтаған. Әлбетте, Пайғамбарымыздың

сахабаларының бәрі сенімді әрі әділетті. Алайда кейбір

дара қасиеттер сахабалардың дәрежесін айқындауда

үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да Пайғамбарымыз

сенімділік сипатының Әбу Үбәйда да көбірек көрініс

тапқандығын атап көрсеткен. Ибн Хиббан Әнәс ибн

Маликтен риуаят еткен бір хадисте хазірет Пайғамбар

(с.а.с.): “Үмбетімнің ең мейірімдісі – Әбу Бәкір, ең

қаталы – Омар, ең ұялшағы – Осман, халал мен харам-

ды ең жақсы білгені – Муаз ибн Жәбәл, мирас ілімін ең

жақсы меңгергені – Зәйд ибн Сәбит, Құранды ең дұрыс

оқитыны – Үбәй ибн Қағб, ең сенімдісі – Әбу Үбәйда”

деп нақтылаған.

Исламды қабылдағаны үшін – жас болғанына

қарамастан – мүшрік әкесі Әбу Үбәйданы үйінен қуды.

Ең қиын шарттар мен шақтарда дініне опасыздық

118

Муслим VII, 6 127; Ибн Маже, I, 136.