Previous Page  147 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 147 / 336 Next Page
Page Background

147

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

үзілген екі темір бетіне қадалды. Әбу Үбәйда

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) халіне төзе алмады.

Пайғамбарымыздың бетіне қадалған темірлерді тісімен

суырған кезде, оның екі тісі сынды

120

.

Йемендіктер Пайғамбарымыздан Исламды және

сүннетті үйрететін мұғалім сұрағанда, Аллаһ елшісі

(с.а.с.) оларға осы Әбу Үбәйданы (р.а.) жіберген.

Әбу Үбәйда саф жүректі, Аллаһ елшісінен

алған кез келген бұйрықты екі етпейтін жан еді.

Сәләсил оқиғасында Амр ибн Ас Әбу Үбәйда мен

оның қасындағыларға өз қол астына кірулері жай-

лы ұсынысына қарсы шықпады. Амр ибн Асқа

Пайғамбарымыздың “Амр ибн Аспен таласқа кірме”

деген сөзін еске салып “сен мені тыңдамасаң да, мен

сені тыңдаймын”

121

деп оның әміріне мойынсұнды.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хабат шайқасында Әбу

Үбәйданы үш жүз кісілік жасаққа қолбасшы етіп

жіберді. Жолда тамақтары таусылғанда бірнеше күн

екі жүз құрмамен, ағаш жапырақтарын сулап жеп

күнелтті. Арабтар бұл жапырақтарды «хабат» деп

атайтындықтан, тарихта Хабат шайқасы деген атпен

қалды. Талғажау етер қорек болса да жоқ. Қаптың түбі

тесілген. Олар жағалауға таяғанда үлкен бір балықтың

судың жиегінде жатқанын көреді. “Өлмегенге өлі балық

кезігеді” демекші, ол балықты бірнеше күн азық етеді.

Мүшріктердің керуендерін бақылау үшін жіберілген

жасақ міндеттерін атқарып аман-сау қайтып келді

122

.

120

Усдул-ғаба, 3:85.

121

Муснәд, 1: 196.

122

Бухари, бабу ғазуати сейфиль бахр, тәжридис-сарих, ауд., Х,

364-367.