Previous Page  151 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 151 / 336 Next Page
Page Background

151

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

Мәдинаға қайтуын өтініп хат жолдайды. Әбу Үбәйда

“бауырларымнан айырыла алмаймын” деп сол жерде

қалып қояды. Ақырында обаға шалдығып, шейіт бо-

лады. Бұл обадан басқа да көптеген сахабалар баудай

түседі. Әбу Үбайда өзінің орнына Муаз ибн Жәбәлді

қойдырып, мына өсиетті айтады:

“Намаздарыңды оқып, оразаларыңды ұстап,

садақаларыңды беріп, қажылықтарыңды өтеңдер. Бір-

бірлеріңізге қамқор болып, басшыларыңызға бағынып,

оларға адал қызмет етіңдер. Дүние сізге опық жегізбесін.

Адам мың жыл өмір сүрсе де, көретін нәтижесі мы-

нау: Аллаһ адамдардың пешенесіне өлімді жазған,

сондықтан бәрі де өледі. Адамдардың ең ақылдысы

– Аллаһқа бағынып, ақырет үшін еңбек еткен адам.

Бәріңізге Аллаһтың есендігі мен мейірімін, кешірімі

мен берекетін тілеймін…”

127

Сирияның әкімі болып тұрған кезде сол жердің

халқы түгел Әбу Үбәйданың әділ басшы екеніне

бірауыздан куәлік еткен. Ол хижраның он сегізінші

жылында дүниеден өтті. Оның мүбәрак сүйегі қазіргі

Йорданияның Бәйсин аймағындағы өзінің атымен ата-

латын елді-мекенде жатыр. Аллаһ оған разы болсын!

127

А. Рафет әл-Бәша, Сахаба хаятындан таблолар, ауд. Т. Узун,

Анкара, 1991, 1:78.