Previous Page  157 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 157 / 336 Next Page
Page Background

157

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

қоластында болды. Ол жағдайы жоқтарды үйлендіріп,

қарызданғандардың қарыздарын өтейтін еді. Тек

жыртқыштық үстемдік ететін жырынды қоғамда

дәулетті, бай адамдардың кембағалдарға қол ұшын

беріп жәрдем етуі сол қоғамдағы әділетсіздік, ұрлық-

қарлық пен зұлымдықтың саябыр табуына, ептеп те

болса түзелуіне септігін тигізері сөзсіз. Сахабалар өмірі

– жалпы адамзат үшін үлгіге толы ғұмыр.

Хазірет Талха жомарттығымен бірге келгендерді

кеудесінен итермейтін, есігі ашық, дастарқаны жаюлы

тұратын өте қонақжай еді. Бір күні мұсылмандықты

қабылдағандарына көп бола қоймаған екі кісі үйінде

қонақ болады. Олардың біреуі екіншісіне қарағанда

мінәжатына мінсіз қарайтын адам еді. Бұл кісі бір

уақыттан кейін шайқастардың бірінде шейіт болады.

Екіншісі одан бір жыл кейін қайтыс болды. Хазірет

Талха бұл екеуін Жәннатқа кіруге кезекте тұрғанын

түсінде көреді. Алғашқы кезек екінші қайтыс болғанға

беріліпті.

Ертеңінде таңертең Талха ибн Ұбайдұллаһ

Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп түсін айтып берді.

Пайғамбарымыздың қасында отырған сахабалар

таңырқап, мұның сырын сұрады. Пайғамбарымыз

олардың сұрақтарына сұрақ бере отырып, әңгіме ба-

стады:

– Кейін қайтыс болған адам әуелгіден бір жыл ұзақ

өмір сүрді, солай емес пе? – дегенде сахабалар:

– Иә, Расулаллаһ, – деді.

– Бұл кісі Рамазан айына үлгеріп оразасын ұстады

ғой?

– Иә.

– Ол кісі бір жыл артық ғибадат жасаған жоқ па?