159
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
Хазірет Омардың халифалығы тұсында да үнемі
ақылдастар алқасында болып, қиын мәселелердің
оңтайлы шешілуіне үлесін қосты.
Қайтыс болмастан бұрын Омардың (р.а.) өзінен
кейін халифа болсын деген адамдардың қатарында
хазірет Талха да бар болатын. Алайда ол бұл ұсыныстан
бас тартып, Осман ибн Аффанды жөн көрген. Оның
халифалықтан бас тартуы бекзаттықтың ен тағылған
ерен белгісіндей ғой. Өйткені, хазірет Омардың
тұсында Ислам мемлекетінің көлемі мейлінше ұлғайып,
беделінің де күшейіп, дәулетке кенелген шағы еді.
Осындай мерейлі мемлекетті басқаруға әркімнің-ақ
құштар болары сөзсіз. Алайда Пайғамбарымыздың
(с.а.с.) ізгі тәрбиесін көріп, қара бастан гөрі халықтың
игілігін алдыңғы орынға қойған хас сахабалардың
дүниеге, билікке деген ұстанымдары осындай еді. Олар
Ислам мемлекетінің бүтіндігі мен беделін бірінші ке-
зекке қойды.
Осман Зун-нурәйннің кезеңінде мұнафықтардың
бүлігіне қарсы тұрып, үнемі халифаны қорғады. Алай-
да бүлікшілердің әрекеттеріне төтеп беру өте қиын
еді. Талха ибн Ұбайдұллаһ та Жәмәл шайқасында
мұнафықтардың қолынан қаза тауып, шейіт болды.
Хазірет Әли соғыс алаңын аралап жүріп,
Пайғамбарымыздың көптеген мақтаулары мен мара-
паттарына ие болған асыл ер Талханы (р.а.) шейіттік
шәрбаттан татқандардың арасынан көріп, өліміне қатты
қайғырып, көз жасын төкті. Оның әлі суи қоймаған
денесін құшағына алып тұрып:
– О, Талха, жымыңдаған жұлдызға толы бұл
аспанның астында сенің топыраққа көмілуіңді көру
менің жаныма қатты батады. Әттең-ай, әттең, мен жиыр-