Previous Page  162 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 162 / 336 Next Page
Page Background

162

Cаңлақ cахабалар

олжа әкелер қаһарман болып өсуі үшін тәрбиелеймін”

135

,

– дейді екен.

Шешесінің бұл тәрбиесі хазірет Зүбәйрдің

келешектегі қиыншылықтарға төтеп беруде, өмір

бойы ақиқатқа араша түсіп, бұл жолда ешнәрседен

шімірікпеуінде үлкен көмек берді. Немере ағасы оны

дінінен бас тартқызу үшін асып қойып, отқа қақтап,

талай қинады. Зүбәйр ибн Әууәм “Аға, не істесең де,

бұдан кейін өмір бақи күпірлікке қайта кірмеймін”, –

деп қайсарлықпен табан тіреді

136

.

Жүрегін кір басып, ақиқаттың шырағына көздерін

бітеп алған Мекке мүшріктерінің мұсылмандарды азап-

тауы шегіне жеткенде, «Пайғамбарымыз (с.а.с.) өлді»

деген суыт хабар құлағына келіп жетті. Жастығына

қарамастан, мәселенің анық-қанығына әлі көз

жеткізбестен қылышын жалаңдатып, мүшріктерге

қарсы біленіп, олардың көкесін көзіне көрсетпек бо-

лып жолға шықты. Жолда оны көрген Пайғамбарымыз

(с.а.с.) :

– Не боп қалды, Зүбәйр? – деп сұрады.

Аллаһ елшісінің (с.а.с.) тірі екенін көріп, өз көзіне

өзі сенбей, аң-таң болған Зүбәйр:

– Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, ей,

Расулаллаһ! Сені өлтірілді деп естідім. Мүшріктерге

сазайын тартқызайын деп бара жатқан едім, – деді.

Пайғамбарымыз оның бұл әрекетіне сүйсініп, көңілін

орнына түсіріп, оған бата берді

137

.

Осылайша күпірлікке қарсы алғаш қылышын

қынынан суырған сахаба хазірет Зүбәйр болды.

135

Табақат, 3:101.

136

Хильятуль-әулия, 1:89.

137

Усдул-ғаба, 2:197.