161
Зүбәйр ибн Әууәм
“Әке-шешем жолыңда құрбан болсын, ей, Расулаллаһ!
Сені өлтірілді деп естідім. Мүшріктерге сазайын
тартқызайын деп бара жатқан едім”.
(Зүбәйр ибн Әууәм)
Пайғамбарымыздың: “Әр пайғамбардың көмекшісі
бар, менің көмекшім – Зүбәйр”
134
деп мақтаған
Зүбәйр ибн Әууәм – Исламға алғаш көңіл ашқан
бақыттылардың бірі. Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
ақиқатты жаю жолындағы ең жақын жолдастарының
қатарынан табылды. Пайғамбарымызбен (с.а.с.) әрі
шешесі, әрі Хадиша анамыз жағынан туыстығы бар.
Анасы – Пайғамбарымыздың (с.а.с.) апайы (әкесінің
әпкесі) Сафиия, әкесі – Әууәм болса Хадиша анамыздың
бауыры.
Зүбәйр ибн Әууәм 14-15 жасында Исламды
қабылдады. Ол Исламды қабылдаған кезде мұсыл-
мандардың санаулы-ақ кезі.
Әкесінен жастай айырылған Зүбәйрді анасы өзі
тәрбиелеп, өмірдің тауқыметтерінен жеңілмеу үшін
оны темірдей тәртіппен ұстады. Ара-тұра, оның тұщы
етіне ащы таяқ тигізіп, сазайын тартқызып сабап та
алатын. Мұны көріп оған: “Байғұс баланы неге сонша
қинайсың, өлтіретін болдың ғой”, – дегендерге:
“Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды. Мен ба-
ламды жек көргендігімнен ұрмаймын, оның келешекте
ақылды, жаужүрек, дұшпан әскерін ойсырата жеңіп,
134
Муслим, фадаилус-сахаба:48.