Previous Page  164 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 164 / 336 Next Page
Page Background

164

Cаңлақ cахабалар

Ұхұт шайқасында да Пайғамбарымыздың жа-

нында ұрыс салған, көкіректерін қалқан еткен қайсар

сахабалардың бірі – Зүбәйр. Өйткені, олПайғамбарымыз

(с.а.с.) үшін “өлімге” ант еткен еді.

Хәндәк шайқасында да мүшріктердің шабуылы-

на тосқауыл қойып, беттерін қайтарған батыр Әлидің

қасында хазірет Зүбәйр де бар еді.

Құрайза яһудилері Пайғамбарымызбен (с.а.с.)

жасаған бейбітшілік келісімдерін бұзған кезде

Пайғамбарымыз оларға қарсы аттанатын әскерге

қолбасшы іздеді. “Кім қол бастап барады?” деп

сұрағанда, тағы ортаға суырылып шыққан Зүбәйр бол-

ды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Зүбәйрдің бұл шынайы

ықыласына сүйсініп: “Әке-шешем саған пида болсын,

ей, Зүбәйр!”, – деп қолдаған еді.

Қаршадай бала кезінен қиындыққа көнтері Зүбәйр

ибн Әууәм, соғыс алаңдарында жаужүректілігімен

ерекшеленді. Хайбар соғысында яһудилердің баты-

ры Ясирмен шайқасты. Шайқастан шаң борады. Бұл

шайқаста анасы да бар еді. Балапаны үшін шырылдаған

анасы Сафиия Пайғамбарымыздан (с.а.с.) :

– Ұлым шейіт болды ма, Расулаллаһ, әлде?.. – деп

сұрады.

– Жоқ, иншаллаһ, балаң оны өлтіреді, – деді. Аз

уақыттан соң хазірет Зүбәйр дұшпанын сұлатып сал-

ды

141

.

Алып тұлғалы батыр, жауынгер Зүбәйр Пай-

ғамбарымыз (с.а.с.) бен халифалар тұсындағы бүкіл

шайқастарға қатысып, үлкен ерлік танытты. Ол

– Йәрмуқ соғысында, Сирия мен Мысырдың алы-

141

Сира, 3:348.