Previous Page  165 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 165 / 336 Next Page
Page Background

165

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

нып, Ислам мемлекеті болуына да үлкен үлес қосқан

сайыпқыран сахабалардың бірі.

Хазірет Зүбәйр батырлығы, қаһармандығымен қоса

тақуа, мейірімді, шыншыл, адал да арлы, саф көңілді,

хақ діні үшін жанын да, малын да аямайтын мәрт адам

еді. Саудамен айналысып, өз қажеттілігін қамтамасыз

еткен хазірет Зүбәйр бай сахабалардың бірі болды.

Сонша бай, дәулетті болғанына қарамастан, жайто-

ры мінген қойшының қоңыртөбел ғұмырын кешті.

Көптеген пақыр мұсылман бауырын мұқтаждықта

зарықтырмай, оларға әрдайым қол ұшын созды.

Зүбәйр ибн Әууам (р.а.) мұсылмандардың ара-

сында да аманатқа қиянат жасамайтын сенімділігімен

әйгіленген. Сахабалар ең құнды нәрселерін оған

аманатқа тастайтын. Бұл сипатына байланысты Омар

ибн Хаттаб оған “діннің бір тірегі” деген.

Халифа Османның дәуірінде саяси мәселелерге

араласпай өздігінен күн кешкен Зүбәйр ибн Әууәм Әли

халифа болғаннан кейін Талха ибн Ұбайдұллаһпен бірге

Әлиге (р.а.) барып, халифа Османның қанына қолын

былғаған қаныпезерлерді жердің жарығына түсіп кетсе

де іздеп тауып, олардың жазаға тартылуын талап етті.

Жәмәл соғысында Айша анамыз жағында сап түзеді.

Соғысу ниетінде болмаған екі әскер қарсыласқан

кезде бүлікшілер араға іріткі салып, еріксіз қантөгіс

белең алды.

Ертеңінде Зүбәйр ойда жоқта хазірет Әлимен

кездесіп қалады. Хазірет Әли одан неге қарсышыққанын

сұрап, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір хадисін есіне

түсірді:

– Бір күні Аллаһ елшісімен бірге келе жатқаны-

мызда саған жолығып, Расулаллаһтың саған “сенікі