Previous Page  156 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 156 / 336 Next Page
Page Background

156

Cаңлақ cахабалар

Алайда Пайғамбарымыз жауап бермеді. Сол кезде

үстімежасылданкиімкиіпменмешітке кірдім. Расулаллаһ

(с.а.с.) мені көріп: “Жаңағы сауал сұраған қайда?”, – деді.

Сахаба: “Мұндамын, Расулаллаһ”, – дегенде, мені нұсқап:

“Міне, мынау шейіт болуды күтушілердің бірі”, – деген

еді

131

.

Хазірет Талха Пайғамбарымыздың дәуірінде

Бәдірден өзге бүкіл шайқастарға қатысты.

Талха ибн Ұбайдұллаһ батырлығымен қоса

дәулетті де болатын. Меккеде саудамен айналысқан

ол, Мәдинаға көшкеннен кейін диқаншылықты кәсіп

етеді. Дәулеті жеткенмен, нағыз тақуаның жұпыны

тірлігін қанағат тұтты. Қылышымен қалай соғысса,

мал-мүлкімен де солай шайқастарға қатысты. Тәбук

соғысына дайындалған әскерді жасақтауға басқа саха-

балар сияқты ол да қуана-қуана қатысты. Байлығының

ауқымды үлесін жихадқа дайындалған әскерге беру

үшін Пайғамбарымызға келіп:

– Бұл Талханың кішкене ғана сыйы, – деп

әкелгендерін берді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) оның бұл

жомарттығына сүйсініп:

– Уа, Талха! Сен өте жомартсың, – деді.

Тағы бірде жиһадқа шыққан мүминдердің сусыз

қалмауы үшін Зуль-Қарадә соғысында бір құдықты

сатып алып, оларға сыйға береді. Хунәйн шайқасында

көрсеткен ерлігі мен жамарттығына дән разы болған

Аллаһ расулы оған “Талхатуль-жуд” (Жомарт Талха)

деген лақап тағады.

Талха ибн Ұбайдұллаһ жетім-жесір, кедей десе

ішкен асын жерге қоятын абзал жанды адам бола-

тын. Тейімұлдарының мұқтаж адамдары тегіс оның

131

Хилятуль-әулия, 1:187.