154
Cаңлақ cахабалар
ибн Зәйд екеуін Әбу Суфиянның басшылығындағы
мүшріктердің керуені жайлы мәлімет алып келуі үшін
барлауға жұмсаған еді. Олар қайтып оралғанша, Бәдір
шайқасы бітіп, мұсылмандар алғашқы жеңістеріне
жетіп, масайрап жатты. Өзіне жүктелген басқа тапсыр-
мамен жүріп ұрысқа қатыса алмаса да, Пайғамбарымыз
оларға ұрыста бастан-аяқ болған жауынгерлердің
үлесімен бірдей олжа береді. Ардақты елші оларды
соғысқа қатысқандай сауап алғандықтарын сүйіншілеп
көңілдерін марқайтты
129
.
Жоғарыда айтқандай Ұхұт шайқасында хазірет
Талханың қаһармандығы аңызға айналды. Ақиқаттың
ақ таңы атса да, оның алғашқы хабаршы сәулесінің
күнін сөндіруге тырысқан мүшріктер Аллаһ елшісін
(с.а.с.) өлтіруге бар күштерін сарықты. Сүйікті елшінің
амандығын көздерінің қарашығындай сақтауға ант
бергендер серттерінде тұрды. Оны жаудың бұршақтай
бораған оғынан қорғау үшін өз денелерін қалқан еткен
қаһармандардың ішінде Талха ибн Ұбайдұллаһ та бар
еді.
Ұхұт шайқасының жан берісіп, жан алысып жатқан
шағында мерген Малик ибн Зүхейрдің Расулаллаһты
көздегенін байқап, оққа қолын тосады. Аллаһ елшісіне
ажал құштыра жаздаған оқ Талханың бармағын жара-
лайды. Осылайша Аллаһ елшісінің өмірін сақтап қалды.
Пида болған бір бармақ нәтижесінде сақталып қалған
Ардақты елшінің өмірі болғандықтан, Талха (р.а.) кет-
кен бармағын ойлап қайғырған да жоқ, Аллаһ елшісінің
(с.а.с.) аман қалғанына қатты қуанды.
Хазірет Талха бірнеше жерінен жарақат алғанына
қарамастан Аллаһ елшісін бір сәт болса да, жалғыз та-
129
Табақат, 3:382-383.