Previous Page  153 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 153 / 336 Next Page
Page Background

153

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

аптап есілген жерге көшеді, – деді поп. Бұл поп хазірет

Пайғамбардың (с.а.с.) келуін өз кітаптарынан оқып

біліп, оны күткен, ақиқатқа көзі ашық кісілердің бірі еді.

Мәлім болғандай Пайғамбарымызға пайғамбарлықтың

берілуі қарсаңында ол нұрды асыға күткендер болған

еді. Өйткені, Аллаһ тағала Тәурат пен Інжілде ақыретке

дейінгі аманатты жеткізуші соңғы Пайғамбардың

келетіні жөнінде айтқан.

Поптың айтқандары Талханы үлкен ойға жетелеп,

көңіліне қанат бітірді. Меккеге келе сала бұл хабар

жайлы жөн-жосық сұрай бастады. Ол Абдуллаһтың

ұлы Мұхаммед әл-Әминнің пайғамбарлығын

жариялағандығын және Әбу Бәкірдің оған ергенін

естіді. Алғаш иман ету бақытына ие болған Әбу Бәкір

Сыддыққа барып:

– Сен Мұхаммедке ердің бе? – деп сұрағанда, хазірет

Әбу Бәкір:

– Иә. Сен де оған барып, Соның айтқанына

мойынсұн. Өйткені, ол ақиқат пеншындыққашақырады,

– деді. Екеуі Пайғамбарымызға бірге барады. Ардақты

елшімен (с.а.с.) алғашқы кездесуінен кейін-ақ жүрегіне

иман ұялап, көңілі нұрға толып, мұсылман болады

128

.

Қалай мұсылмандықты қабылдайды, со-

лай мүшріктердің табалауына түседі. Оған қысым

көрсетушілердің басында өзінің мүшрік бауыры да бар.

Аспан айналып жерге түскендей аптап ыстықта қаталап

шөлдеген оны көшеде адақтатып азаптайды. Қорлық

пен зорлықтың ешқайсысына мойымай, иманы одан

сайын күшейе түсті.

Хазірет Талха Бәдір шайқасына қатыса алмады.

Өйткені, Пайғамбарымыз хазірет Талха мен Саид

128

Усдул-ғаба, 3:59 ; Табақат, 3:215.