148
Cаңлақ cахабалар
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салғанда мүминдер
хазірет Әбу Бәкір, Омар және Әбу Үбәйданы
халифалыққа лайық деп тапқан еді. Хазірет Пайғамбар
бір хадисінде хазірет Әбу Бәкір және Омардан кейін Әбу
Үбәйданы “қандай жақсы адам”
123
деп оның мақтауға
лайық, қадірлі тұлға екенін айтып кеткен.
Хазірет Әбу Бәкір халифа сайлар кезде Омар Фаруқ
пен Әбу Үбәйданың қолдарынан ұстап, мүминдердің
осы екеуінің бірін халифа етіп тағайындауларын
ұсынды. Ол екеуі болса Әбу Бәкірді (р.а.) лайық көріп,
соған серт берді.
Хазірет Әбу Үбәйданың басшылық қабілетін,
парасаттылығын жоғары бағалаған халифа Омар оны
өзінен кейін халифа болып сайлануға ең лайық адам
деп тапқан еді. Омар ибн Хаттаб “Егер Әбу Үбәйда тірі
болғанда, соны сайлар едім. Өйткені, Аллаһ оны неге
таңдағанымды сұрар болса, Аллаһ расулы ол жайлы
“үмбеттің сенімдісі” дегенін естігенімді айтар едім…”
деген болатын
124
.
Әбу Бәкір Сыддықтың халифалығы кезінде ол Си-
рияны алу үшін жасақталған әскерге қолбасшы болып
тағайындалды. Хумус, Сирия және Антакияға дейінгі
жерлер Әбу Үбәйда бастаған Ислам әскерлерімен
алынды. Одан кейін Иерусалимді қоршауға алған Әбу
Үбәйда ибн Жәррах иерусалимдіктерді бейбіт бітімге
көндірді. Бірақ иерусалимдіктер бейбітшілік келісімін
тек Омар Фаруқпен жасайтындықтарын айтты. Әбу
Үбәйданы Мәдинаға жіберді. Хазірет Омар Әлиді (р.а.)
орнына қалдырып, ұзақ жолаушылықтан кейін Иеруса-
лимге аман-есен жетіп, ол жердің кілтін қолына алды.
123
Тирмизи, Манақыб:33.
124
А.Куружан, 150-151.