139
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
тәубәшіл, тәуекелшіл келеді. Абдуррахман ибн Ауф та
сондай адамдардың бірі. Ол өз бойына құйып қойғандай
жарасатын мына жауапты жұптады:
– Бауырым, Сағд! Аллаһ сенің мал-мүлкіңе де,
отбасыңа да берекет берсін. Сен маған базардың жо-
лын көрсетсең болды
110
, – деп арқасына арқанын іліп,
біреуге ауыртпашылық түсірмей, өз күнін өзі көру үшін
саудаға кірісіп кетті.
Саудаға бейімі бар Абдуррахман ибн Ауф
Пайғамбарымыздыңоған тілегендұғасыменаз уақыттың
ішінде дәулеті шалқыған ең бай мұсылмандардың са-
натына қосылды. Байығаны соншалықты, жеті жүз
түйені жүгімен қоса Аллаһ жолында бағыштайтын
дәрежеге жетті. Өзін де таң-тамаша қалдырған ісінің
берекеттігін:
– Қолыма тас алсам, оның алтын мен күміске
айналғанын көрдім, – деп білдірген еді
111
.
Бәдір шайқасына қатысқан Абдуррахман ибн Ауф
(р.а.) үлкен қаһармандық көрсетті. Пайғамбарымыз
шайқастың жан беріп, жан алысқан шағында одан
көз жазып қап, айналасындағылардан сұрағанда,
сахабалардың бірі:
– Расулаллаһ! Оны таудың етегінде көрдім. Бір
топ мүшрік оны қоршап алған екен. Оған көмектескім
келді, бірақ сізге жәрдем етуге асықтым, – деген.
Ардақты елші:
– Уайымдама, періштелер оған көмектесуде, –
деді.
110
Бухари, Никах, 7.
111
Мүснәд, 1:91 .