Previous Page  135 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 135 / 336 Next Page
Page Background

135

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

етілген дуалы ауыз сахаба еді. Сондықтан да ел оның

қарғысынан қорқатын. Сөйтсе де кейбір әлін білмейтін

әлекшіл адамдар оның үстінен халифаға арызданды.

“Намаз оқудыжөнді білмейді, әскерлерді бастап соғысқа

шықпайды, мүлік таратқанда тең бөліп бермейді және

үкім кескенде әділдікті ұстанбайды” т.б. жаптым жала,

жақтым күйемен пәк жанды қаралап бақты. Хазірет

Омар Сағдтың ақ-адал екенін айтқызбай-ақ білгенімен,

жалақорлардың өрекпіген көңілдерін басу үшін оларға

көз қылып тексеру жүргізді. Нәтижеде оның жала

екендігі анықталды. Алайда бұл оқиға Жәннатпен

сүйіншіленген саңлақ сахабаға өте ауыр тиді. Ақырғы

деміне дейін адалдық пен туралықтан айнымаған

сахабаның жанына айықпас жара салды. Ол қолдарын

көкке жайып Аллаһқа былай деп дұға етті:

– Ей, Аллаһым! Егер маған жала жапқан құлың

жалған айтқан болса, оның өмірін ұзарт, бірақ тақыр

қыл және басқа да қиыншылықтарға ұшыратқайсың.

Көп уақыт өтпей қарғысқа ұшыраған адам аяныш-

ты халге түсті. Екі көзі көрсоқыр болып, басына күн

туды. Халық Сағд ибн Әбу Уаққастың кінәсіз екеніне

көз жеткізді.

Бұл оқиғадан кейін Мәдинаға оралған Сағд (р.а.)

мәселе айқындалған соң Куфаға қайтадан жіберілу

жайлы ұсынысқа, “намазыма арызданғандардың

басшылығын қабыл етпеймін” деп жауап беріп, бұл

міндеттен бас тартты

106

.

Болған жайтқа қапаланғандардың бірі халифа

Омар болды. Ол қайтыс болмастан бұрын халифалыққа

тағайындалатындардың ішіне хазірет Сағдты да қосып,

айналасындағыларға:

106

Бухари, Азан,95.