Previous Page  130 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 130 / 336 Next Page
Page Background

130

Cаңлақ cахабалар

– Сағд, сен Мұхаммедтің алып келген бұл дінінен

бас тартпайынша, мен нәр татпаймын. Сонан соң сен

өз анасын өлтіруге себепкер болған залым атанасың,

– деп пұттың арқа жағына шығып, түйіле тұнжырап

отырып алды. Айтқан сөзінде тұрып, бірнеше күн нәр

татпады.

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) анасын қатты құрметтеп

сыйлайтын. Оның осал жағынан ұстап, буынсыз жер-

ге пышақ ұрған анасы ұлын осылайша Исламнан бас

тартқызармын деп үміттенді. Алайда анасының бұл

үміті ақталмады. Бірнеше күн өткеннен кейін ұлынан

мынандай кесімді жауап алды:

– Уаллаһи, анашым, егер жүз жаның болып, олар-

ды жеке-жеке тәсілім етсең де, мен дінімнен бас тарт-

паймын. Қаласаң да, қаламасаң да осы.

Сағдтың райынан қайтпасына көзі жеткен мүшрік

әйел аштық жариялауын тоқтатты

99

.

Бұл оқиғадан соң туған анаң болса да, жұмыр ба-

сты пендеге бағынып, Аллаһқа қарсы келмеуге байла-

нысты “Әнкәбут” сүресінің 8-ші аяты түсті:

Біз адам баласына әке-шешесіне жақсылық

қылуды нұсқадық. Егер олар саған білмеген нәрселерді

айтып, Маған серік қосуға тырысса, оларға (әке-

шешеңе) бағынба. Түбінде маған ораласыңдар. Сол

кезде сіздерге не істегендеріңізді түсіндіремін.

Сағдтың мұсылман болуын қаламаған анасы ғана

емес еді. Сол тұста Мекке мүшріктері ат төбеліндей ғана

мұсылмандарға зәбір көрсетіп, әр түрлі қиындықтарға

душар ететін. Тіпті еркін намаз оқуларына да рұқсат

етпейтін. Сондықтан да хазірет Сағд, Саид ибн Зәйд,

Хаббаб ибн Әрәт және Аммар ибн Ясир төртеуі

99

Муслим, Фадаилус-сахаба:43.