Previous Page  131 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 131 / 336 Next Page
Page Background

131

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

құлшылықтарын орындау үшін Әбу Лүб сайына бар-

ды. Дәреттерін алып, намаз оқи бастаған сәттерінде бір

топ мүшрік оларды көріп қап, жандарына жетіп келеді.

Мүшріктер оларды мазақ қылып, құлшылықтарының

мағынасыз екенін айтып, шамдарына тие бастай-

ды. Бұған төзе алмаған Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.)

қолына түскен бір түйенің сүйегімен жасқап, оларды

қууға әрекет жасайды. Түйенің қолақпандай сүйегі бір

мүшріктің басына қата тимей, бата тиіп, жазатайым

шекесі жарылады. Басқа сахабалар да қарап қалмай

мүшріктерге қарсы ұмтылады, олар жан сауғалап

қашады. Осылайша Сағд ибн Әбу Уаққас Аллаһ жо-

лында қан төккен алғашқы сахаба болды

100

.

Хазірет Сағд Аллаһ жолында алғаш оқ атушы болу-

мен қатар, жаужүрек батыр да. Аллаһ жолында күресуге

мейлінше ынталы болды. Ислам рухын асқақтатып,

туын желбіретуге үлкен үлес қосты. Бәдір шайқасында

мүшріктермен болған кескілескен ұрыста табандылық

танытты. Әсіресе, Ұхұт шайқасында оның жауға кезеп

атқан әр оғының зая кетпегенін байқаған Аллаһ расулы

Сағд ибн Әбу Уаққасқа қолындағы жебелерді беріп:

– Әке-шешем саған құрбан болсын! Мыналарды да

ат. Аллаһ сенен разы болсын, – деп дұға етті. Аллаһтың

елшісі мұндай сөздерді бұрын-соңды ешкімге айтпаған

еді

101

.

Сол күні сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған:

– Аллаһым, оның әр атқанын дөп тигіз. Дұғаларын

да қабыл ет, – деп дұға еткен

102

.

100

әл-Исаба, 2:290.

101

Муслим , Фадаилус-сахаба:41.

102

Мустәдрәк, 3:500.