Previous Page  132 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 132 / 336 Next Page
Page Background

132

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымыздың қасында болып бүкіл шайқас-

тарға бастан-аяқ қатысқан Сағд ибн Әбу Уаққас

қоштасу қажылығы

103

үшін Меккеге барды. Ол жерде

науқастанып, төсек тартып жатып қалады. Расулаллаһ

оның халін сұрауға барғанда, ауыр хал үстінде жатқан

Сағд (р.а.) :

– Расулаллаһ! Көріп тұрғаныңыздай денсаулығым

нашарлап барады. Менің көп байлығым бар. Бірақ

қызымнан басқа мұрагерім жоқ. Байлығымның бәрін

садақа қылып бағыштасам бола ма? – деп рұқсат

сұрайды.

Ардақты елші (с.а.с.) бұған рұқсат етпеді. Оның

тек үштен бір бөлігін ғана бағыштауын құптап:

– Үштенбірі деболады.Олда аз емес.Аллаһжолын-

да берген нәрсенің бәрінің сауабын аласың. Бала-шағаңа

бергенің де – садақа. Әйеліңнің сенің дүние-мүлкіңнен

олжа көргені де – садақа. Отбасыңның бүтіндігі мен

жағдайын жақсы қылып артта қалдырғаның – олар-

ды басқаларға мұқтаж, тіленші етіп қалдырғаннан

әлдеқайда оңды, – деді Мейірім Пайғамбары.

Бұл әңгімеден кейін хазірет Сағд:

– Расулаллаһ! Сіздер Мәдинаға оралсаңыздар мен

бұл жерде қалай қаламын? – деді Пайғамбарымыз-

дан (с.а.с.) жырақ қалғысы келмей. Одан жырақ қалу

– дүниенің қараңғылыққа көмілуімен бірдей еді.

Пайғамбарымыз оның бұл сөзіне қатты толқыды. Оған

еш уайымдамауды, келешекте оның себепкерлігімен

көптеген қауымдардың Исламды қабылдайтындығын

айтып сүйіншіледі және былай деп дұға жасады:

103

Хазірет Пайғамбарымыздың алғашқы және соңғы қажылығы

еді. Сондықтан оған арабша – ал-хаджуль-уәдә, қоштасу

қажылығы делінген.