136
Cаңлақ cахабалар
– Сағд халифа болып шешілер болса, әрине, бұл
міндетке ол лайық. Мен оны Куфа әкімдігінен оның
әлсіздігінен немесе опасыздығынан алып тастаған
жоқпын
107
, – деп хазірет Сағдтың кінәсіз екенін білдіріп
қана қоймай, халифа болуға да лайық екенін айтып кет-
кен.
Хазірет Сағд Аллаһтың тағдырына кіршіксіз сеніп,
мойынсұнған, тағдырдың бүкіл жазғанына разышылық
көрсететін тақуа да тәуекелшіл еді. Аллаһтың бұйрығы
сырт көзге жаман болып көрінгенімен, оның нәтижесі
қайырлы болатындығын да жақсы білетін. Өмірінің
соңында оның екі көзі көрсоқыр болып қалды. Оның
жағдайын сұрап келгендердің бірі:
– Сен дұғасы қабыл етілетін адамсың. Өзің үшін
дұға етіп көздерің ашылса болмай ма? – дегеніне:
– Дұға етсем қабыл боларын мен де білемін.
Алайда, Аллаһ тағаланың маған жазғаны, көздерімнің
көруінен де жақсы. Мейлі көздерім ашылса да, Аллаһ
расулы болмағаннан соң кімді көрейін. Оны көрмеген
соң көздерімнің көргенін не қылайын, – деп жауап бер-
ген
108
.
Сағд ибн Әбу Уаққас бойына жақсы қасиеттерді
ұясына бал тасыған арадай жинай білген сахабалардың
бірі еді. Шағым айтып шағыстырушылар мен шақпа
тілділерді суқаны сүймейтін. Адамдардың ондай
пендешілігін сол сәтте тыятын. Бір кездері жеңілмес
қолбасшыХалидпенекеуініңарасындабіркеліспеушілік
туған болатын. Оның жағдайын сұрап келген адамның
бірі даңқты Халидті жамандай бастағанда мазасы
қашқан Сағд (р.а.) :
107
А.Куружан, 317-318.
108
Сахабилер ансиклопедиси, 1:130-131