Previous Page  137 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 137 / 336 Next Page
Page Background

137

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

– Ол жайлы шектен шықпа. Ол екеуіміздегі

келіспеушілік арамызды ажыратпайды және сенің

айтқандарыңды да құптамаймын

109

, – деп әрі

мұсылмандар, әрі басқа да адамдар үшін үлгі боларлық

өнеге жасады. Елді бір-біріне қарсы айдап салудың

қоғамдық өмірде олардың ара-қатынасын нашарла-

тып, бүлік пен бөлінушілік туғызатын әрекет екендігін

көрсетті.

Аллаһ расулының көзі тірісінде Жәннатпен

сүйіншіленген сахабалардың бірі болған Сағд (р.а.)

хижраның елу бесінші жылында ақиқат дүниеге ат-

танды. Өзінің өсиеті бойынша, Бәдір шайқасында

киген көйлегімен жерленді. Ол дүние салғанда күллі

мұсылман қауымы қара жамылып қайғырды.

Сағд ибн Әбу Уаққас хадистердің бізге дейін келіп

жетуінде үлкен үлес қосып, 270 хадис риуаят етті.

109

Хаятус-сахаба, 1:131.