Previous Page  133 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 133 / 336 Next Page
Page Background

133

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

– Ей, Раббым! Сағдқа шипа бер. Ей, Раббым!

Сағдқа шипа бер. Ей, Раббым! Сахабаларымның Мек-

кеден Мәдинаға оралуын тәмамда

104

.

Шынында да хазірет Сағд мүшкіл науқасынан

құлан-таза айығып кетті. Омар ибн Хаттабтың

халифалығы кезінде қолбасшы етіп тағайындалды.

Көптеген жеңістерге қол жеткізді. Бірқатар адамдардың

мұсылмандықты қабылдауына мұрындық болды.

Сағд ибн Әбу Уаққастың аты аталғанда бүкіл хадис

кітаптарында кездесетін мына оқиға ойға оралады.

Хазірет Сағд Аллаһ расулын жанынан да жақсы

көріп, оған кішкентай да зиян келуін қаламайтын.

Хижреттің алғашқы күндерінің бірінде Пайғамбарымыз

(с.а.с.) өміріне қаскүнем біреулердің қастандық жа-

сауы бек мүмкін екенін ойлап көз іле алмады. “Қазір

сахабаларымның ішінен ізгілерінің бірі келіп, бұл

түні мені қорғап тұрса” деп Аллаһ елшісі (с.а.с.) ой-

лап үлгіргенше, бес қаруын асынып, мұздай құрсанған

хазірет Сағдты көрді. Ол:

– Бұл жерге неге келдің? – дегенде, Сағд:

– Өз-өзімнен біртүрлі үрейленіп, сізге бір зиян

келе ме деп уайымдадым. Сол себепті сізді қорғауға

келдім, – деді. Бұған қуанған Пайғамбарымыз (с.а.с.)

хазірет Сағдқа дұға етіп, сол түні қаперсіз көз шыры-

мын алды

105

.

Пайғамбарымыз дүние салғанша Сағд ибн Әбу

Уаққас оның жанынан еш қалмай, адал қызмет етті.

Ол Аллаһ расулының дүниеден өткеніне қатты

қайғырғандардың бірі болды. Пайғамбарымыз қайтыс

болғаннан кейін халифа болып сайланатын адамдардың

104

Табақат, 3:144; Муслим, Уасая:8.

105

Муслим, Фадаилус-сахаба:39.