128
Cаңлақ cахабалар
Бір іске уақытынан бұрын кіріспе, уақыты келгенде
жалқауланба. Ақиқатына көзің жетпеген істерде табан
тіреп қасарыспа, айқындалғанда салғырттық танытпа.
Әр істі орнымен жаса…
Бойыңды ашу-ыза кернегенде қолың мен аузыңа
ие бол. Бұлардың залалынан қорғану үшін еркіңді
жеңгенге дейін ашудың кернеуін теже”
98
.
Оның халифалығы төрт жыл тоғыз айға созылды.
Хижра жыл санағының қырқыншы жылы, Рамазан
айының он жетісінде, жұманың таңында, таң намазын
оқуға шыққан хазірет Әлиді харижит Абдуррахман
ибн Мүлжәм улы қылышымен басынан жарақаттады.
Соның салдарынан, алпыс үш жасында Әли де өтті
дүниеден. Ислам үмбеті арыстан жүректі, даналық да-
риясы Әлисіз қалды...
98
Қандыхләуй, 2:712-713; Сахабилер ансиклопедиси, 1:84-86.