Previous Page  124 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 124 / 336 Next Page
Page Background

124

Cаңлақ cахабалар

Осы кезде Мәдина халқы бүліктің ұлғайып кетпеуі,

мұсылмандардың арасындағы бірліктің сақталып

қалуы үшін халифалыққа ең лайық деп хазірет Әлиді

таңдады. Өйткені, ол әрі шура мәжілісінің мүшесі,

әрі Пайғамбарымыздың немере інісі, Исламды

алғаш қабылдаған және Ислам дінінің жайылуына

теңдессіз үлес қосқан, ұрыстарда шыбын жанын аямай

шайқасқандардың бірі болатын. Бұған қоса оның дари-

ядай терең білімі, ақылы мен кең парасаты, өте құнды

фиқһ білімін меңгеруі бұл орынға оны ең лайық деп

табуға негіз болды. Мәдина халқы жиналып оған хали-

фа болуды ұсынған кезде, ол:

“Сендерді басқаруға құмартып тұрғаным жоқ. Мен

үшін басшылықтан кеңесші болған артық. Мен үнемі

өздеріңмен біргемін, кімді тағайындасаңдар да мен

соған разымын”, – деп өзінің ойын білдірді.

Бұл кезде бүлікшілер тез арада халифаның сай-

лануын, егер сайланбаса Әли және Зүбәйр іспетті са-

хабаларды өлтіретіндіктерін айтып қысым жасады.

Сахабаларға қоса бүкіл халық жиналып, хазірет Әлиге

жағдайдың қиындай түскенін алға тартып, оны халифа

етіп тағайындайтындықтарын айтты. Әли:

“Менен аулақ, басқа біреуді таңдаңдар. Неге

десеңдер, сондай қорқынышты, сондай дүлейлі бір

жағдайдамыз. Мұның қилы жақтары мен түрлі астары

бар. Бұған ешбір жүрек шыдай алмайды, ешбір ақыл-

ой да тосқауыл бола алмайды”, – деп, Ислам үмбетінің

басына келетін қатерді алдын ала сезіп жаны құлазыды.

Оны тоқтатудың өте қиынға соғатындығын баса айтқан-

ды

97

.

97

М. Шакир, 358-360.