119
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
Жазмыш орындалар сәтте оны тағдырымен жеке
қалдырады. Әли де Аллаһ тарапынан мықты қалқанмен
қорғалуда. Ажал келгенде қалқан алынады. Жазмышы-
на разы болмаған адам иманның дәмін тата алмайды”
деп, Аллаһқа және жазмышқа деген иман беріктігінің
сырын айтады.
Хайдар-у Кәррәр Әли Ислам үмбетінің бірлігіне аса
мән беретін. Бір күні сүннет, бидғат, бірлік, бөлінушілік
жайлы сұраған Ибн Кәууәға: “Сүннет – Мұхаммедтің
(с.а.с.) жолы. Бидғат – ол сүннеттен айырушы нәрселер.
Жамағат – аз болса да, дұрыс адамдардың бірігуі,
бөлінушілік – көп те болса, дұрыс болмаған адамдардың
бірігуі”, – деп жауап береді.
Ол қара қылды қақ жарар әділеттілігімен де тарих-
та терең із қалдырды. Бірде хазірет Әлиге Исфаханнан
олжа келді. Бұл олжаны ол жетіге бөліп, үйінде қалған
бір таба нанды да сол айырылған сыбағалардың үстіне
теңдей етіп қойып, қолбасшыларына таратып берді
92
.
Хазірет Әлиге бірі – араб, екіншісі – күң, екі әйел
келіп қажеттіліктерін айтады. Ол екеуіне бірдей азын-
аулақ азық пен қырық дирхамнан ақша беруді әмір
етеді. Бірінші кезекте күң тиесілі сыбағасын алып кетті.
Араб әйел хазірет Әлиге:
– Ей, мұсылмандардың әміршісі! Мен – араб-
пын, ол болса күң. Неге маған тура соған бергендей
мөлшерде ғана бердің? – деді. Әли:
– Мен Ұлы Жаратушының кітабында хазірет
Ысмайылдың ұрпақтарының Ысқақтың ұрпақтарынан
жоғары дегенін кездестірмедім, – деді
93
.
92
Байхаки, 6/348; Канзу-ль уммаль, 3/166-дан Қандыхләуй,
2:695.
93
Қандыхләуй, 2:696.