117
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
наушылар тірі кезінің өзінде өлік сияқты. Ғалымның
тіршілік тоқтап қалса да, аты мен хаты қалады.
Ілім оған ие болғандардың толығымен жоқ болуы-
нан кейін жоғалады. Ей, Аллаһым! Жер бетінде сенің
разылығың үшін және Сенің айқын дәлелдеріңнің өшіп
кетпеуі үшін ақиқаттың жаршылары әрқашан да бар
болады. Олардың саны аз, алайда Аллаһтың алдында
олар қадірлі. Аллаһ өзінің нышандары мен дәлелдерін
солар арқылы қорғайды. Олар да бұл міндетті өзінен
кейін келгендерге аманаттап олардың көкірек көзіне
сүйіспеншіліктің дәнін егеді. Олар да ілім арқылы
ақиқаттытабады…Олар Аллаһтың өкілдері мен діннің
шақырушылары. Оларды көруге ынтық бол
…
91
”
Оның айналасындағы адамдарға берген кеңестері
де өте мәнді әрі ақыл нұрына толы. Осындай өсиеттердің
бірі баласы хазірет Хасанға айтқан мына сөздері:
“Ей, балам! Ең үлкен байлық – ақыл. Ең үлкен
кедейлік – ақымақтық. Ең үлкен жалғыздық –
тәкаппарлық. Ең ізгі қасиет – жақсы мінез”.
Әли әл-Муртада – бойына жақсылық атаулыны жия
білген Ислам тарихындағы айтулы тұлғалардың бірі.
Қайсарлық, батырлық, ілімді және жомарттығымен
бірге өте кішіпейіл еді. Базардан сатып алған заттар-
ды айналасындағылардың өтінішіне қарамастан, өзі
көтеріп, адасқандарға жол сілтеп, әлсіз, дәрменсіз
жандардың жоғын жоқтап, қиналғанда қастарынан та-
былатын.
“Үш нәрсе кішіпейілділіктің негізін құрайды:
кездескен кезде бірінші болып сәлем беру, үлкен жи-
налыстарда төрде шоқиып отырмау, рияшылдық пен
жасандылықтыжаны сүймеу”
деген нақылдар Әлидің
(р.а.) сөздері.
91
А. Куружан, 246-247.