113
Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба
мен жақын туыс болды. Әділ халифа Омар жарала-
нып, қайтыс болмастан бұрын орнына халифа етіп
тағайындауды ұсынған алты кісінің бірі Әли болатын.
Тура шешім қабылдаудағы ұстамдылығы, Аллаһтың
үкімдерін орындауда ешкімнің сөзіне, өсектеріне еш
құлақ аспауы тұрғысынан ол хазірет Омарға қатты
ұқсайтын.
Осман Зун-нурәйн халифа болып тағайындалғанда,
оған бірден қол беріп мойынсұнды. Осман да үнемі
онымен кеңесетін. Хазірет Османның үйін бүлікшілер
қоршауға алған кезде өзінің ұлдарын халифаның
күзетіне қойып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жанын
салды
86
.
ХайдарӘли (р.а.) батырлығымен қоса ықыластылы-
ғымен де ерекшеленетін. Не істесе де Аллаһтың
разылығы үшін істейтін. Пендешілік араласқан істен
бірден бас тартатын. Ол таңдай қақтыратындай өте тақуа
адам болатын. Тақуалыққа байланысты ол, “Тақуаға өте
абай болыңдар және оны амалдарыңыздың қабыл етілуі
үшін дәнекер етіңдер. Тақуамен жасалған ешбір амал
аз болып есептелмейді. Қабыл болған амалдың аздығы
бола ма?” дейтін
87
.
Күндердің бір күнінде оның ұлдары Хасан мен
Хұсейн науқастанып қалады. Хазірет Әли мен Фатима
анамыз ұлдары аурудан айығып кетсе, Аллаһ разылығы
үшін үшкүн ораза ұстайтындықтарына сөз береді. Аллаһ
тағала шипа беріп денсаулықтары түзелген соң олар
уәделерін орындау үшін ауыз бекітеді. Күн көкжиекке
батып, ауыз ашар уақыт та болады. Бірақ ауыз ашарға аз
ғана нанын есік аузына келген жетімге жегізеді. Өздері
86
М. Шакир, 353-354.
87
Сахабилер ансиклопедиси, т.1, 81-82.