Previous Page  108 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 108 / 336 Next Page
Page Background

108

Cаңлақ cахабалар

мүшріктер жақсы білгендіктен, мүмкіндікті уыстан

шығармай осы шайқаста мұсылмандарды бесікте

тұншықтыру үшін жандарын салды. Бірақ, Аллаһтың

құдіретімен иман толы жүректер мүшріктердің мысын

басты. Бұл шайқаста әлемдерге рақым етіп жіберілген

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтан ат төбеліндей ғана

Ислам жамағатын жер бетінен жоймауды, жеңіліске

ұшыраса, Аллаһтың есімін әлемге жар салар ешкімнің

қалмасын айтып тілек тіледі. Аллаһ оның тілегін қабыл

етіп, бұл аз ғана жамағатты аман алып қалды.

Ерте уақыттарда әскерлер шайқасқа кіріспестен

бұрын екі жақтың қас батырларының жекпе-жекке

шығу салты кең тараған. Осы салт бойынша, мүшріктер

араларынан Ұтба, Шәйбә және Ұтбаның ұлы Уәлид

тәрізді жауынгерлерін ортаға шығарды. Бұларға

қарсы шықпақшы болған ансардан үш кісіге олар:

“біз Мәдинаның малшыларымен шайқаспаймыз, бізге

өзімізге лайық адамшығарыңдар”, – деп тәкаппарланды.

Осыған орай Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың арыста-

ны Хамза, хазірет Ұбайда және баһадүр Әлидің шығуын

бұйырды. Жаужүрек Әли қарсысына шыққан азулы

дұшпан Уәлидті әп-сәтте сілейтіп, хазірет Хамзаға

көмектесті. Арыстандай айбарлы Хамза мен Ұбайда

жарақаттанып қалса да, қарсыластарын жер жастан-

дырады. Бұл жекпе-жек мұсылмандардың көңілдерін

көтеріп, оларды жеңіске жетеледі.

Кезектегі Ұхұт шайқасында арыстан жүрек Әлидің

көрсеткен ерлігі Бәдірдегі ұрыста көрсеткен ерлігінен

бір мысқал да кем емес. Бұл шайқаста мүшріктер

әлемдерге рақым етіп жіберілген Сүйікті елшіні (с.а.с.)

өлтіріп, Ислам дінін жою үшін бар күшін салды. Әрине,

жүрегі иманға толы, шейіттікті көксеген Әли, Хамза