Previous Page  107 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 107 / 336 Next Page
Page Background

107

Жәннатпен сүйіншіленген он сахаба

таяу маңдағы Құбаға жетті. Сол жерде Аллаһ расулы-

мен қауышты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әлиді қасына

шақыртты. Ұзақ жол жүруден аяғы қажалып, жара

болды. Аяғындағы жаралары еркін жүруіне мүмкіндік

бермегендіктен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі Әлидің

қасына келді. Аяғындағы асқынғанжараларды көргенде,

мейірімділік Пайғамбары көз жасына ие бола алмады.

Шипалы түкірігін оның жарасына жағып, дұға етті.

Әлидің аяғындағы ауыр жаралар бірден пышақ кесті

жазылып шыға келді.

Хазірет Әлидің аты аталғанда ең алдымен көз

алдымызға оның алып тұлғасы, ержүрек жауынгерлік

сипаты келеді. Тәбук шайқасынан басқа Ислам үшін

жасалған бүкіл шайқастарда ол аңызға айналарлық

ерлік танытты. Тәбук соғысына Аллаһ елшісінің ар-

найы бұйрығы бойынша қатыспады.

Әли тәрізді қас батырға Ислам жолында жасалған

соғысқа қатыспау өте ауыр тиді. Іші қазандай қайнап,

намыс тұла бойын өртеп:

– Ей, Аллаһтың Елшісі, мені бала-шаға мен қатын-

қалаштың арасында қалдырып кетесіз бе? – деп сезімін

ақтарған Әлиге Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Харунның Мұсаға өкілдік еткеніндей, сен де

маған өкілдік еткің келмей ме? Өкінішке орай, менен

кейін пайғамбар келмейді, – дегеннен кейін ғана көңілі

сабасына түсіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) орнына

өкіл болып, Мәдинада қалуға көнді

81

.

Ислам тарихы тұрғысынан ең алғашқы және

аса маңызды шайқас – Бәдір шайқасы. Бұл шайқаста

мұсылмандар сан жағынан аз әрі соғыс тәжірибесі

тұрғысынан да мүшріктерден әлсіз еді. Мұны

81

Муслим, Фадаилу-с- сахаба:31.