Previous Page  104 / 336 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 104 / 336 Next Page
Page Background

104

Cаңлақ cахабалар

Пайғамбарымызды жанындай жақсы көрді. Аллаһ

елшісі (с.а.с.) дүние салғаннан кейін де хазірет Әли

бүкіл ғұмырын Исламды жаю және сақтау жолында

жұмсап, кейінгі ұрпаққа қызыға қарап, тамсана тыңдар

тарих қалдырды.

“Аллаһтың арыстаны” Әли (р.а.) көп балалы от-

басында дүниеге көзін ашты. Әкесі Әбу Тәліптің

олардың барлығын бірдей асырап-сақтауға жағдайы

келмегендіктен, ол Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бақытқа

толы, нұрлы отбасында өсті.

Адамзаттың ардақтысы (с.а.с.) жанындай жақсы

көрген көкесі Әбу Тәліпке көмектесу үшін басқа

ағайын бауырларымен кеңесті. Олар тілектерін

көкесіне білдіріп, балаларының кейбіреулерін өздерінің

қарауына беруді ұсынды. Әбу Тәліп:

– Балаларымның арасынан қалағандарыңды

алыңдар, бірақ Ақилді өзіме қалдырыңдар, – деп,

олардың тілектерін қабыл етті.

Әлиге (р.а.) тағдыр тамаша сыйын тарту етіп, оны

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өз қарауына алды. Ол кезде

Әлидің әлі бес жасар бала кезі. Бұл – баланың нағыз

тәрбиеленуге ыңғайлы, қалай бағыт берсең солай

жүріп, жақсылыққа, ізгілікке тән нәрселерді бойына

суды құмдай сіңірер таза шағы. Тап осындай кезеңде

Пайғамбардың нұрлы шаңырағында тәрбиеленуі

оны қараңғылық дәуірінің жаман індеттерін бойына

жұқтырудан аман алып қалды. Мағынасыз пұттарға

табынбай, өмірін тура жолдан жаңылыспай өткізуге

себепкер болды. Бұл ол үшін көктен тілегені жерден

табылған үлкен бақыт еді.

Тарихшылардың берген мәліметтеріне қарағанда,

баһадүр Әли тоғыз немесе он жасында мұсылман